Сабақтың тақырыбы: Еңбек – бәрін жеңбек.
Мақсаты: «Еңбек» адамгершілік құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
-еңбектің адам өміріндегі мәні туралы түсінік беру;
-еңбек етуге қызығушылықтарын арттыру;
-еңбексүйгіштікке тәрбиелеу;
Көрнекі құралдар: сюжетті суреттер, дәптер, оқулық, бауырсақ.
Шаттық шеңбері
Оқушылар мұғаліммен бірге шеңбер құрып тұрады, сәлемдеседі.
Армысың,
сұлу күн!
Армысың,
ашық аспан!
Қайырлы
күн баршаға!
Әңгімелесу
Мұғалім сабақтың тақырыбын таныстыру мақсатында
әңгімелесу жүргізеді.
· Еңбек адамға не үшін қажет деп ойлайсыңдар?
· Еңбекқор деп қандай адамды айтамыз?
· Өздерің еңбектің қай түрлерімен айналысқанды ұнатасыңдар?
· Адамға өмір сүру үшін ең алдымен не қажет деп ойлайсыңдар?
Балалардың жауаптары
-Дұрыс айтасыңдар!
Ауа, су, тағам.Ауа, су – табиғаттың адамға берген сыйы. Ал тағам дегенде бірден еске түсетіні – нан. Нан еңбекпен келеді. Осы тағамнан басқа да адамның өмір сүруіне қажетті киім, білім, үй, оның ішін қажетті заттармен толтыру,
денсаулығын сақтау бәрі, бәрі , бәрі де еңбекпен келеді.
Тапсырма
Мұғалім оқулықта берілген суреттерге қарап, еңбектің түрлерін анықтау үшін балаларға тапсырма береді.
Мәтінмен жұмыс
Мұғалім еңбектің маңызын түсіндіру үшін оқулықта берілген Б.Әділовтың «Еңбексіз өмір – сүреңсіз» деген мысал әңгімесін оқып береді. Балалар сұрақ бойынша өз ойларын айтады.
Еңбексіз
өмір – сүреңсіз
Мысал әңгіме Б.Әділов
Қара пышақ дүкеннен шығып, ас үйге келген соң тыным таппады. Нан турады, пияз аршыды, әйтеуір тамақ дайындалып, ас қамдалса, қолдан түспейтін болды. Ол жалқау еді. Бала кезіндегі « шалқайып жатсам» деген арманы есіне түсіп, жылап та алатын.
Бір күні қара пышақ ауыр еңбектен құтылудың оңай жолын тапты. Иесінің көзін ала беріп, еденнің жырығына қойды да кетті. «Болды, - деді ол қуанып. –Енді еңбекті желкемнің шұқыры көрсін!...»
Ай өтті, жыл өтті. Қара пышақ орнынан қозғалған жоқ. Оның қайда жатқанын ешкім білмейтінмеді.
Бір күні:
-Әй, туысқан, - деген дауысқа елең етіп қараса, еденнің жарығынан жылтылдаған көз сығалап қарап тұр екен. Бірден таныды, баяғы өзімен бірге жасалған Сары пышақ. Өзі өте көңілді, жүзі жарқ-жұрқ етеді. Сұлуланып кетіпті.
-Төмен секір, - деді қара пышақ, - бірге жатайық. Біздіешкім білмейді.
-Ол жерде не бар?
-Жатамыз, ұйықтаймыз, демаламыз. Ой, қандай рақат!
-Ал жұмысты кім істейді?
-Жұмыс бізсіз де істеледі?
-Рақмет! – деді Сары пышақ. – Еңбектен қашқанша, тер төгіп өлгенім артық. Еңбексіз өмір – сүреңсіз. Өзің-ақ жата бер, рақатына бата бер.
Қара пышақ орнынан тұрайын деп еді, тұра алмады. Өне бойы тот басқан. Барлық жері сынып бара жатқандай сезінді.
· Мысал әңгімедегі Қара пышақ қандай адамға ұқсайды?
· Сары пышақтың қандай ісі сендерге ұнады?
· «Еңбексіз өмір – сүреңсіз» дегенді өздерің қалай түсінесіңдер?
Дәйексөз
Оқушылардың жауаптары оқулықта берілген анықтама мен дйексөздің мағынасын түсіндірумен түйінделеді.
Мұғалім тақтаға «Еңбек– қуаныш, жалқаулық айырылмас азап» деп жазып қояды.
-Адам, ең бастысы, еңбектенуге, яғни адам бір іске гүш-қуатын, ақыл-ойын жұмсауға ерінбеуі керек.
Өйткені жалқаулық, еріншектік адамның өзін және өмірін тоздырады. Ал ерінбей еңбек етсең мақсатыңа, арманыңа жетесің. Арманың орындалса, өзіңді бақытты санайсың.
Сахналау
Еңбектің адам өміріндегі мәнін рөлдік орындаулар арқылы түсіндіру үшін сахналау тәсілі қолданылады.
Үш оқушы автор, қуыршақ, бауырсақ рөлдерде өлеңді мәнерлеп оқиды.
Қайдан
келдің , бауырсақ?
Дастарқанда шашылып,
Жатты аппақ бауырсақ.
Бауырсаққа қызығып,
Қарап тұрып көзін сап:
-Қайдан келдің , бауырсақ? –
Деп сұрады қуыршақ.
-Дүкеннен келдім нан сатқан, -
Деді оған бауырсақ.
-Дүкенге келдің қай жақтан?
-Наубайдан келдім нан жапқан.
-Наубайға келдің қай жақтан?
Диірменнен келдм ұн тартқан.
-Диірменге келдің қай жақтан?
-Далаладан келдім кең жатқан.
Жер – анам менің көсілген,
Диқандар мені өсірген.
Нан дастарқанға қандай еңбекпен келеді? – деген сұрақ аясында шығып сөйлейді.
Жаттығу – ойлану
Оқушылардың сабақтан ұққан ойлары жаттығу-ойлану арқылы бекітіледі.
-Біз де ойланып еңбектеніп көрейік. Оқушылар үш топқа бөлініп жұмыс істейді.
1 – тапсырма. Еңбек туралы мақал - мәтелдер жазып түсіндіріріп беру.
2 – тапсырма. Еңбек сөзін түсінгендері бойынша топтастыру.
3 – тапсырма.Н.Жанаевтың «Еңбек сүйсең» өленің оқып, мағынасын түсіндіру.
Еңбек
сүйсең
Салақ болсаң
жасыңнан, Жалқау
болсаң жасыңнан,
Шыбын кетпес
қасыңнан. Ұйқы қалмас
қасыңнан.
Таза болсаң
жасыңнан, Еңбек
сүйсең, табылар,
Сабын қалмас
қасыңнан. Бар
жақсылық басыңнан.
Жүректен жүрекке
Балалар еңбектің мәнін қалай түсінгендіктерін Н.Жанаевтың
«Еңбек» өлеңі арқылы білдіреді.Оқушылар мұғаліммен бірге мына өлең жолдарын
қайталайды.
Еңбек
Гүл өсірсең,
терлеп, Сабағыңды
жөндеп,
Мұның аты –
ЕҢБЕК. Әзірлесең –
ЕҢБЕК.
Кесте тіксең
зерлеп, Қиындықтың
бәрін,
Мұның аты –
ЕҢБЕК. ЕҢБЕК қана
жеңбек.
Оқушыларға бүгінгі сабақ ұнады ма? Несімен ұнады ? осыны жүрек стикерлерге жазып тақтаға іледі,
кейбір оқушылар оқып береді.